Батыс Қазақстан облыстық апелляциялық сотында пара алған полицей 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейінгі сотта Саяхат Тастілеуов айыппұл түрінде жазаға кесіліп, сот залынан босап шыққан еді. Ал Ресейден келетін астықты шекарадан кедергісіз өткізу үшін лауазымды қызметкерлерге пара берген Ринат Түксімбаевтың жазасы өзгеріссіз қалды. Яғни, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Пара алған тағы 6 адамның да жазасы өзгермеді. Облыстық көліктік бақылау инспекциясы, полиция департаменті мен патрульдік полиция батальондарының және фитосанитария мекемесінің қызметкерлері айыппұлмен құтылды.
Азат Ісбасаров, судья:
Сот Саяхат Тастілеуовтің жазасын өзгерту туралы шешім шығарды. Оған 7 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалсын. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтесін.
Ардақ Мұратқызы