Қарағанды облысының тұрғыны 253 млн теңге инвестициялық субсидияны жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының тұрғыны 253 млн теңге инвестициялық субсидияны жымқырған

07.12.2023

Қарағанды облысының тұрғыны 253 млн теңге инвестициялық субсидияны жымқырған. Бұл қаражат ауыл шаруашылығы үшін күн батареяларын сатып алуға төленген. Тергеу барысында күдікті 2018-2020 жылдар аралығында өңірдегі шаруа қожалықтарының атынан жалған құжаттар жасап, субсидия қаражатына қол жеткізгені анықталды. Сот үкімімен ол 10 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысу құқынан айырылып, 6,5 жылға сотталды.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу