Өнер мен ғылымды ұштастырған қазақ Оксфордта оқып жүр. Рахат-Би Әбдісағын әлемге әйгілі оқу орнында физика мен музыканың байланысын зерттеп жатыр. Мақсаты - кванттық физика мен заманауи музыканың ара қатынасына терең үңілу. Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова тарқатады.
Өнер мен ғылымды ұштастырған қазақ Оксфордта оқып жүр. Рахат-Би Әбдісағын әлемге әйгілі оқу орнында физика мен музыканың байланысын зерттеуде. Мақсаты - кванттық физика мен заманауи музыканың ара қатынасына терең үңілу.
Рахат-Би Оксфорд университеті Вулфсон колледжінің арнайы шақырумен келген. Мақсаты кванттық физика мен замануи музыканың ара қатынасына терең үңілу. 100-ге жуық профессор оның еңбегін жоғары бағалап қана қоймай, қазақ ұлының ғылымда белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп жүргендігінде тілге тиек етті.
Тим Хитченс, Wolfson колледжінің президенті:
Біз оның музыкадағы зор тәжірибесінен көп нәрсе үйрендік. Енді кванттық физика саласындағы зерттеулерімізді музыкалық тұрғыдан зерделей аламыз.
Рахат-Би қаршадайынан күй сандықтың құлағында ойнайды. Ол жиырмаға жетпей жатып, жер жүзін мойындатқан композитор әрі пианист. Музыкант Британ ғалымдарының басын қосып, концерт берді.
Рахат-Би Әбдісағын, композитор-пианист:
Бұл менің Вулфсон колледжі Оксфорд университеті қауымдастығына берген ризашылығымның белгісі. Бір үлкен жоспарым Қазақстан Республикасын әлемге өз өнерім және ғылым арқылы таныту.
Рахат-Би келер жылдың көктемінде Шотландияның 4 ірі шіркеуінде авторлық операсының тұсауын кеспек. Шығарма Англия мен Шотландияның орта ғасырлық тарихы туралы сыр шертеді.
Марина Бекенова