Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі болды

07.12.2023

Ақтауда 3 балдық жер сілкінісі болды. Мұны қала тұрғындары бүгін таңертең сезген. Ақпаратты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мекемесі растады.

Дүмпу жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 9:20-да байқалған. Алматыдан 2289 шақырым жерде, яғни Әзербайжан аумағындағы Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелген. Магнитудасы — 5.7. Тереңдігі — 35 шақырым.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу