Елімізде 1 қаңтарда декларациялаудың үшінші кезеңі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1 қаңтарда декларациялаудың үшінші кезеңі басталады

07.12.2023

Бірінші қаңтарда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады. Яғни, келер жылы кез келген мекеме басшылары, құрылтайшылар мен жеке кәсіпкерлер Қазақстанда ғана емес, шетелде де тіркелген мүлігін декларациялауы керек. Бұл міндетті.

Алдымен 250-ші «Кіріс декларациясы» тапсырылады – бұл «Активтер мен міндеттемелер туралы декларация». Кейінгі жылдары 270-ші «Кірістер мен мүлік туралы декларацияны» тапсыру керек. Кіріс декларациясында құны 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын барлық мүлікті көрсету қажет. Биыл бұл 3 450 000 теңге болса, 2024 жылы 3 692 000 теңге болады. Айта кететін жәйт, мемлекет базасында, Қазақстанда тіркелген жылжымайтын мүлік пен автокөлікті – декларацияға енгізудің қажеті жоқ.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу