Қазақстандықтар ұшаққа құжатсыз отыруға мүмкіндік алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар ұшаққа құжатсыз отыруға мүмкіндік алады

06.12.2023

Қазақстанның әуежайларында халықаралық рейске құжатсыз отыруға мүмкіндік беретін арнайы жүйе енгізіледі. Бұл туралы ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қолдауымен Алматыда өтіп жатқан аймақтық симпозиумда айтылды. Жиында жолаушыларды бет-әлпеті арқылы сәйкестендіру бағдарламасының артықшылықтары талқыланды. Бұл олардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік бермек. Яғни, жолаушыға тіркеу және шекаралық бақылау пункттеріне барудың қажет болмайды. Тек арнайы аркадан өтсе болды. Онда адамның бетіне сканер жасалып, барлық ақпарат арнайы база арқылы шығып тұрады. Жобаны іске қосу үшін алдымен азаматтардың биометриялық мәліметтеріне қол жеткізу керек. Ол үшін шекара, кеден қызметі және авиакомпанияларды бір жүйеге тоғыстыру керек.

Каталин Раду, ҚР Авиациялық әкімшлігінің бас директоры:

Бұл жүйеге әлемнің 166 елі қызығушылық танытты. Тіпті, қазірдің өзінде оны егізіп жатқандар бар. Қазақстан да солардың қатарында. Жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасының арқасында жолаушылар ағымы бірнеше есе артуы мүмкін. Туристер саны да көбейіп жатса таң қалмаймыз.

Ерғазы Жолдасов, «Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы:

27-28 қараша күндері тестілеуден өткізіп көрдік бет-әлпетті сәйкестендіру арқылы. Сол кезде байқғанымыз жолаушының өту уақыты үнемделіп, құжатты тексерген 13 секундта өтетін болса, кеше біз бір адамның 5 секундта өткенін байқадық. 10 минуттың ішінде 240 адамның өтіп шығуына мүмкіндік беріп отыр.


Хабарламаларға жазылу