Еліміз математика және жаратылыстану пәндері бойынша үздік 50 елдің қатарына енді. Білім сапасын бағалайтын халықаралық PISA жүйесі рейтингінің нәтижесі жарияланды.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі хабарлады. Онда 81 мемлекеттен қатысқан 15 жастағы білім алушылар бірнеше пән бойынша білімін сынайды. Қазақстан математикадан 46-шы орын, оқу сауаттылығынан 61-ші, жаратылыстану пәні бойынша 49-шы орынды иеленді.