Өскеменде радиациялық қалдық көмілген аумақты әкімдік тазартады
Өскемен қаласының әкімдігі радиациялық қалдық көмілген аумақты толық залалсыздандыруы тиіс. Жоғарғы сот осындай шешім шығарды. Өйткені жергілікті экологтар мен заңгерлер ластанған жерлерді тазарту туралы атқарушы билікке талап қойып келген. Мәселе шешімін таппаған соң, олар сотқа жүгінген. Сот экологиялық дауда белсенділерді қолдады. 50 жыл бұрын радиациялық қалдық қанша гектар жерге көмілгенін тілшіміз Олжас Керейхан білуге тырысты.
Олжас Керейхан, тілші:
Ереже бойынша 20 микрорентгеннен аспау керек. Тұрғын үйлерде. Ал өндірістерде 30 микрорентеген болуы керек. Дәл қазір осы тұрған жерімізде 6 есе асып тұр.
Елу жыл бұрын бұл жерде атом өндірісіне қажет материалдарды зерттейтін зауыт болған. Кейін оның жұмысы тоқтап, уран қалдықтары осы аумаққа көміледі. Кейіннен залалсыздандыру жұмыстары қолға алынғанымен аяқсыз қалған.
Мұхтар Құмарбеков, радиологиялық зерттеулер орталығының маманы:
Бұл жердің астында жатыр. Үстінде топырақ. Топырақтың үстінен шығып тұр. Радиациялық сәулелер. Ол әр жерде әр түрлі. Бұл қазып жіберсең жүзден де көп көрсетеді.100 микрорентгеннен жоғары 300, 100,10 000 микрорентген жерлер бар.
Радиологиялық зерттеулер орталығының мамандары 20 жыл бұрын қала аумағының радиациялық кадастрлық картасын жасаған. Дегенмен экологтар дәл сондай құжатты енді қайта жасау керек, деп отыр.
Олжас Керейхан, тілші:
Бұған дейін өткізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша тек студенттер қалашағы деп аталатын бұл аумақта 8 гектар жерде радиаиациялық сәуленің өте жоғары екені дәлелденді. Арнайы құрылғымен тексергенде әрбір шаршы метрде әр үрлі микрортентген көрсетеді. Бір аумақта өте жоғары болса, енді бір жерде қалыпты. Ал ереже бойынша радиация сәулесі қалыпты мөлшерден жоғары жерлерге арнайы белгі қойылып, қоршалуы тиіс.
Бұрын радиациялық қалдықтар көмілген жерлерді залалсыздандыруға қаржы облыстық бюджеттен бөлінетін. Енді экологиялық кодекстегі өзгерістерге байланысты жауапкершілік қала әкімдігіне жүктеліп отыр. Экологтар бұл мәселе бойынша қанша дабыл қақса да, шешімін таппаған соң қала әкімдігін бірнеше рет сотқа берген. Қалалық, облыстық, жоғарғы сотта қоғам белсенділерін жақтап, әкімдікке табиғатты қорғау шарасын іске асыруға міндеттеді.
Алексей Божков, заңгер:
Енді қала әкімдігі қандай шараны қолға алатынын, оған бөлінетін қаржының есебін шығаруы тиіс. Бұл жұмысты қандай мекеме үйлестіретінін де анықтау керек.
Сот шешіміне сәйкес қала әкімдігі енді радиоктивті қалдықтар үйіндісін жою жоспарын түзіп, радиация қаупі бар аумақтарға белгі орнатуы міндетті.
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
