Қалалық және ауылдық жастардың білім алу мүмкіндіктері тең болуы тиіс. Ол үшін ғылым мен білімге қаржыландыруды көбейтіп, зерттеу университеттерін ашу қажет. Гарвард университеттерінің түлектері дәл осындай ұсыныс айтып отыр. Олардың сөзінше, денсаулық пен білімге, салауатты өмір салтына бей-жай қарамайтындар көбейіп келеді. Қазір еліміздегі адам дамуының индексі бойынша, оның мәні 0,8-ге тең. Бұл жоғарғы көрсеткіш, - дейді сарапшылар. Демек, еліміздегі адами капиталды дамыту әр азаматтың құзырында.
Қуаныш Ерғалиев, Қ.И Сәтбаев атындағы университеттің директорлар кеңесінің төрағасы:
Жоғарғы білімнің қамтуын қарайтын болсақ, Қазақстан 62 пайыз көрсетіп тұр. Дамыған елдермен салыстырғанда АҚШ, Ресеймен салыстырсақ оларда 82 пайыз. Бұл дегеніміз дамуға әлі де мүмкіндік бар. Ғылымға келер болсақ қаржыландыру 3 есе өсті. Бұл өте жақсы көрсеткіш.
Аида Ахметбек