Солтүстік Қазақстан облысында 10 мыңнан астам көлік заңдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 10 мыңнан астам көлік заңдастырылды

06.12.2023

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік тіркеуде тұрған 10 500-ден астам автокөлік заңдастырылды. 23-ші қаңтардан бері Петропавлдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 15 мың 635 тұрғыннан өтініш түскен. 1 шілдеге дейін берілген өтінімдер 31 желтоқсанға дейін ғана қаралады.

Жақсылық Кенбай, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы:

Көп деп айта алмаймын, күніне бізге қазір шамамен 5-6 өтінім беріледі. Тәртіптері сол қалпы қалған. Көлік Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1-ші қыркүйегіне дейін кіргізілген болуы керек.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу