Қызылорда облысында 400-ден астам бүлдіршіннің ата-анасы екпе салдыртпаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 400-ден астам бүлдіршіннің ата-анасы екпе салдыртпаған

06.12.2023

Қызылорда облысында 400-ден астам бүлдіршіннің ата-анасы екпе салдыртпаған. Қазір аймақта ахуал күрделеніп барады. Қызылша жұқтырған адам саны мыңнан асып кетті. Жұқпалы инфекция әсіресе, балалар арасында өршіп тұр. Желтоқсан айынан бастап 6 айлықтан 6 жасқа дейінгі балалар жаппай вакцинациялаудан өтіп жатыр.

Мамандардың айтуынша, қызылшамен түскен науқастардың 80 пайызы 5 жасқа дейінгі балалар. Ауруы асқынған бір бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір облыста 272 адам ауруханда ем алып жатса, соның 233-і бала. Өңірде 18 мың бала қызылшаға қарсы вакцина алған.

Мая Мирзанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Осы қызылшаға байланысты облыста бүгінгі күні 400-жуық бас тартулар бар. Сол ата-аналарға айтарым инфекцияны жеңу жолы тек вакцинация жолымен ғана жеңе аламыз

Әділбек Серікұлы


Қызылорда облысы

Хабарламаларға жазылу