Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады

05.12.2023

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісін қабылдады. Чжан Сяо-мен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытаймен барлық бағыт бойынша ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты. Бұдан бөлек, кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңа технология, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді қатынастарды одан әрі арттыру маңызды екені атап өтілді.

Сондай-ақ, Президент Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің жуырда Астанаға жасаған ресми сапары кезіндегі уағдаластықтар туралы әңгімелесті. Тату көршілік қатынастарды жан-жақты нығайтуға бағытталған өзара ұмтылысты тағы да растады.

Хабарламаларға жазылу