Университеттермен келісімге отырған хостелдерге талап күшейтіледі. Бүгін Үкіметте осы мәселе талқыланып, нақты 15 талап әзірленгенгені айтылды. Бұйрыққа қол да, қойылды. Осы оқу жылында ел бойынша 17 мың студентке жатақхана жетпей қалған. Қазір ел аумағында 43 жатақхана салынып жатыр. Сөйтіп, 10 мыңнан астам студентті орналастырамыз, - деді министр. Ал келер оқу жылынан бастап, университеттер жатақхана ұсына алмаса, студенттерді оқуға қабылдамайды.
Саясат Нұрбек, ҚР ғылым және жоғары білім министрі:
Енді жоғары оқу орындары осы оқу жылының қыркүйегінен бастап кемінде 70 пайыз оқып жатқан студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуі керек. Ал бірінші жыл қабылданғандар 100 пайыз қамтамасыз етілуі керек. Керекті бұйрықтар қазір мемлекеттік органдармен келісілуде. Талаптар нақты күшейтіледі.