Шетелдік көліктерді заңсыз жолмен заңдастырмақ болғандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік көліктерді заңсыз жолмен заңдастырмақ болғандар анықталды

05.12.2023

Шетелдік көліктерді заңсыз жолмен заңдастырмақ болғандар анықталды. Бас көлік прокуратурасы тексеріс кезінде қазақстандық нөмірді алу үшін жалған құжат өткізгендерді әшкереледі. Мәселен, бір азамат Америкадан жеткізілген көлікті Қырғызстаннан сатып алғаны туралы дерек ұсынған. Прокуратура арнайы сайт арқылы оның аукционнан сатып алғанын анықтады. Жалған ақпарат ұсынған азамат қитұрқылықпен мемлекетке 2 млн теңге қаражатты төлеуден жалтарған. Осыған ұқсас жағдай көбіне Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Бұдан мемлекетке 400 млн теңге шығын келген.


Хабарламаларға жазылу