Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев Ресей президентіне сенім грамотасын табыстады. Владимир Путин Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі болып қала беретінін айтты. Сондай-ақ келер жылы еліміздің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығына қолдау көрсететінін жеткізді. Ресей президенті оның жақында Астанаға жасаған сапары екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін бергенін де атап өтті.
Индира Бегайдар