Өскеменде өрт қауіпсіздігін сақтамаған хостелдер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде өрт қауіпсіздігін сақтамаған хостелдер анықталды

05.12.2023

Өскемендегі кейбір қонақ үйлер мен хостелдерде өрт қауіпсіздігі сақталмайды. Көбінің электр сымдары талапқа сай емес. Эвакуациялық есіктері жабық және желдету жүйесі істен шыққан. Мұндай кемшіліктер арнайы рейд кезінде анықталды. Дегенмен, өртке қарсы қызмет мамандары кәсіпкерлерді мұндай салғырттық үшін жауапқа тарта алмайды. Айыппұл салу үшін сол нысанға уақытша тұрақтаған жолаушылардан арыз-шағым түсуі керек. Бизнес нысандарын тексеруге мараторий тағы бар. Сондықтан мамандар тек ескертумен ғана шектеледі.

Нұржан Өміржанов, облыстық ТЖД басқарма бастығы:

Бұл хостел иелерімен түсіндіру жұмыстары өткізілді, анықталған бұзушылықтар бойынша кеңес берілді. Рейдтік жұмыстар аяқталғаннан кейін талдау жасалып, осы нысандарды өрт қауіпсіздік жағдайға әкелуіне барлық жағдайлар қолданылатын болатын.

Өскеменде 11 жатақхана және қонақ үй санатында 10 хостел жұмыс істейді. Бейресми дерек бойынша, олардың саны әлдайқайда көп. Кей кәсіпкерлер бірнеше пәтерді біріктіру арқылы хостел ашып, нәпақа тауып отыр. Бірақ олардың барлығында бірдей өрт қауіпсіздігі ережелері сақтала бермейді.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу