Бельгия астанасы Брюссельде климаттың өзгеруіне қарсы шеру өтті. Полицияның мәліметінше, шараға 20 мыңнан астам адам қатысқан. Экологиялық ұйымдар наразылық акциясын климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның Дубайда өтіп жатқан конференциясына байланысты ұйымдастырды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған жұрт жаһан көшбасшыларынан ғаламдық жылынуды тоқтатуға қатысты нақты шаралар қабылдауды талап етті.
Агнесса Пери, шеруге қатысушы:
Ғаламдық жылыну су тасқынына әкеле ме деп қорқамын. Дубайдағы шараға жиналған әлем көшбасшылары климаттың өзгеруіне қарсы мойындарына алған міндетеммелерін орындауы тиіс.
Николас Ван Нуфель, климаттық коалицияның президенті:
Біз биліктегілерден қыста тоңбайтындай үйлерімізді жақсылап қаптауды, қоғамдық көліктерді жетілдіруді, қоршаған ортаны ластауды азайтып, ауаны тазартуға басымдық беруді талап етеміз.
Нұрсұлу Қасым