Алматы облысының үш судьясы ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Қонаев қаласының және Талғар аудандық сотының, сондай-ақ Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар мәселені тиімді шешу үшін, қылмыс жасаған адамға оң шешім шығару және салық берешегі бар компанияларды банкрот деп тану туралы заңсыз шешімдер шығарған.