Есірткімен күрес қалай жүріп жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткімен күрес қалай жүріп жатыр?

02.12.2023

Ел ішінде синтетикалық есірткі қолданатындар саны артып барады. Былтырмен салыстырғанда биыл 3 есе көбейген. Жыл сайын кемі жарты тонна есірткі тәркіленеді. Есірткімен күрес қалай жүріп жатыр? 

Жедел тергеушілер үшін кезекті әрі үйреншікті жайтқа айналған көрініс. Есірткінің тағы бір партиясы тәркіленіп жатыр. Ұсталып жатқандардың дені – жасөспірімдер. Оларды еліткен – әлеуметтік желідегі түрлі жарнама.

Жандос Тұяқов, заңгер:

Біздің проблема: қылмыстың тек қана бұл қылмыстың салдарымен ғана күресіп жатырмыз, себебімен күресуге әлі қауқарымыз келмей жатыр. 297 баптың 3 бөлігі бойынша көп жағдайда кінәсін мойындасын, мойындамасын 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы беріліп жатыр.

Елімізге синтетикалық есірткіні дайындауға қажетті өнім тыйым салынбаған тұрмыстық химиялық зат ретінде шекарадан өтіп жатыр. Одан кейін арнайы зертханаларда жасалып, арзан бағада сатылады. Қауіптілігі де осында. Жастарды құрыққа тез түсіреді.

Бақытжан Әмірханов ҚР ІІМ есірткіге қарсы іс-қимыл департаментінің орынбасары:

Бүгінгі таңда теміртордың аржағында есірткіге қатысты қылмыстық іс жасаған 3995 адам отыр. Биылдың өзінде жыл басынан бері 9 айда 30 жасөспірім қылмыстық қудалаудың орбитасына енді.

Заңсыз саудамен айналысатындар қутырқы әрекеттерін әлемнің басқа жерінде отырып, ғаламтор арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан оларды ұстау мүмкін болмай тұр. Ал шетелде мұндай арнайы операцияларға хакерлер жұмылдырылады.

Хорхе, киберқауіпсіздік саласының маманы:

Біз толығымен интернеттегі қылмыс түрлерін құрықтау бойынша дәріс алып, онымен күресеміз. Есірткі болсын, жалған тауар сату болсын қазіргі қылмыскерлер із тастамай жұмыс істеуге көшкен. Оларды сайттарда тауып, құрықтау оңай емес. Бірақ біз түрлі әдіспен оларды іздеп, табамыз. Сондықтан полициялар көбінесе киберқауіпсіздік саласының мамандарына жүгінеді.

Биыл елімізде 41 есірткі зертханасы жойылды. Олар Қостанай, Астана, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ БҚО және Қарағанды мен Павлодар аймақтарында. Биыл 9 айда ішкі істер органдары 6300-ге жуық есірткі құқық бұзушылықты анықтап, заңсыз айналымнан 33 тонна есірткіні тәркілеген. Ал оның таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3 100-ден астам интернет ресурсы бұғатталған

Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:

Есірткіні жарнамалау, саудалау аса ауыр қылмысқа жатады. Бірақ, оны елемейтіндердің қатары көп екенін статистика көрсетіп отыр. Енді күрес күшейеді. Үкімет есірткіге қарсы бағытталған үш жылға арналған құжатті бекітті. Құқық қорғау органдары кешенді жоспар түгелімен орындалса ғана ахуал реттеледі деп отыр.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу