Ақмола облысында алтын ұрламақ болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында алтын ұрламақ болғандар ұсталды

02.12.2023

Ақмола облысында құрамында алтын бар кенді ұрламақ болғандар ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, Ақсу кеншінің қызметкерлері бейнебақылау жүйесімен қамтылмаған аймақтарда жасырынып, алтын рудаларын жұмыс киімінің ішіне тығып, алып шықпақ болған. Бірақ олардың бұл әрекеті дер кезінде анықталды. Тексеру барысында құны 130 миллион теңгеден асатын 7 келі алтын рудасы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу