Шымкентте вакцинадан бас тартқандардың 34 пайызы екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте вакцинадан бас тартқандардың 34 пайызы екпе алды

01.12.2023

Шымкент қаласындағы 49 мектеп пен 79 балабақша қызылша ауруының ошағы саналып отыр. Мамандар бұл мекемелерде сырқаттың жылдам таралуын анықтаған. Мұнан бөлек 9 жоғары, 6 орта арнаулы оқу ордаларының 20 студенті жұқпалы дертке шылдыққан. Осыған байланысты, тұрғындар арасында профилактикалық, түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Оған барлық медицина қызметкерлері жұмылдырылған.

Соның нәтижесінде ауруға қарсы вакцина алуы тиіс болған 118 мың адамның қазір 21 пайызына екпе салынды. Ал одан бас тартқандармен дәрігерлерден бөлек дін қызметкерлері де кездесіп, иммундаудың пайдасын ұғындыруда. Бүгінгі дерек бойынша шаһарда 6641 адам қызылша жұқтырды деген күдікпен тексеріске алынған. Оның 3021 нен ауру белгілері анықталып отыр.

Сәуле Дүйсенбаева, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Вакцинация басталғалы одан бас тартқандармен жұмыс істеп жатырмыз. Олардың саны 3366 Жұмыс нәтижесінде бас тартқандардың 34 пайызы бүгінгі күнде егілді.

Ғани Қалмаханов


Шымкент

Хабарламаларға жазылу