Дубайдағы дәл осы саммитке әлемнің 200-ге жуық елінен 70 мыңға жуық делегат шақырылған. Желтоқсанның 12-не дейін өтетін конференцияда қазба отыннан бірте-бірте бас тарту арқылы жаһандық температураны индустриялдық дәуірге дейінгі деңгейінен 2 градустан артық асырмау мәселесі талқыланады.
Сонымен қатар, қатысушылар кедей елдерге климаттың өзгеруі әкелген зардапттармен күреске қаржы бөлу мәселесін де қарастырады. Бірер сағат бұрын түскен мәліметке қарағанда, Еуропа одағы, АҚШ, Ұлыбритания бірігіп, бұл мақсатқа 400 миллион доллар жұмсауға уағдаласқан.
Арыстан Рысбек