Ақмола облысында ашылмаған үйірмелер үшін мемлекеттен ақша алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында ашылмаған үйірмелер үшін мемлекеттен ақша алған

01.12.2023

Ақмола облысында кәсіпкерлер жұмыс істемейтін үйірмелер үшін мемлекеттен ақша алып отырған. Мәселен, Ерейментау қаласының тұрғыны қағаз жүзінде үстел теннисі, шахмат, домбыра және би үйірмелерін ашқан. Осылайша «Арт спорт» бағдарламасына қатысып, мемлекеттен 6 миллион теңге алған. Ал, өзге үйірмелер балалардың санын асыра көрсеткен. Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірде тағы төрт кәсіпкер дәл осындай қитұрқы әрекетке барған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 16 миллион теңгеден асады. Қазіргі таңда бес қылмыстық іс қозғалды.

Меруерт Байболова, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

Көкшетау қаласының кәсіпкерлерінің бірі волейбол және үстел теннисі секцияларын тіркеді. Ал іс жүзінде олар тек волейболға барды, теннис сабақтары өткізілмеді, бірақ кәсіпкер бюджет ақшасын алғаны туралы табель толтырды. Қазіргі уақытта барлық істердің тергеуі аяқталды, 3 айыптау үкімі шығарылып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Ұмсындық Наурызбаева


Ақмола облысы

Хабарламаларға жазылу