Хостелдегі өрт кезінде қаза тапқандардың бірі 22 жастағы Сұнат Садықовтың анасы болған жайтқа әлі сене алар емес. Ол тағатсыздана ұлының телефонына қоңырау шалумен әлек. Өзін қоярға жер таппаған ана қоңырау барып тұр, бірақ тұтқаны ешкім көтермейді дейді. Айтуынша баласы екеуі бір жерде жұмыс істейді. Ол сауда жөніндегі менеджер болған. Досымен бірге хостелдан бөлме жалдап тұрғанына 1 ай ғана болған. Ал ұлын соңғы рет кеше ғана жұмыста көрген.
Әсем Садықова, С.Садықовтың анасы:
Қайда балам, соны білгім келеді. Мүмкін қандай да бір қателік бар шығар. Колледж барлық ақпаратты осылай жіберді, міне осылай.
Самал Қабышева