Куәгерлер хостелдегі өрт туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Куәгерлер хостелдегі өрт туралы айтты

30.11.2023

Алматыдағы өрттен құтқарылғандар қаладағы үш хостелге орналастырылды. Олардың жетеуі бас тартып, үйлеріне қайтқан. 49 адам жатақханада тұрып жатыр.

Қуан Нұрақын, тілші:

Куәгерлердің сөзінше, оқиға түнгі төрт шамасында басталған. Дәліздерді қою түтін басқанымен, хостелдің әкімшілігі өрт сөндірушілерді шақыруға асықпаған. Ғимараттағы авариялық шығу есіктері жабулы болған. Жертөледе тіпті терезе де жоқ екен. Жатын орында негізінен жастар жатқан. Олардың көбі жұмыс істейтін азаматтар мен студенттер. Олардың әрқайсысы хсотелге бір айға 27 мың теңгеден төлеп тұрғандарын айтады. Ғимарат ішінде қауіпсіздік мәселесі қарастырылмаған дейді тұрғындар.

Азамат Есенгельдинов, оқиға куәгері:

Мына жақта қосалқы шығатын есік болды. Ол жер жиһазбен жабық болды. Шыға алмадық. Заттарымызды алып, терезені сындырып шығып кеттік. Өрт қауіпсіздігі сақталмаған еш жерде. Өйткені сигнализация ғана іңстейді. Басқа ешнәрсе істемейді. Қосалқы шығатын жердің бәрінде ақау бар. Әкімші бірден звондаған жоқ. Өйткені, қорықты.

Александр Акупов, оқиға куәгері:

Подвал жақта матрастар тұрған екен. Сол матрастардан түтін көрініп жанған. Ол жерде терезе жоқ. Вентиляция жоқ. Жай ғана нысан. Бөлмелер. Сол жерде балалар жатқан.

Қуан Нұрақын, тілші:

Қазір зардап шеккендер әкімдік бөлген жатақханаларда тегін тұрып жатыр. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қала әкімдігінің мәліметінше, өрт болған хостелдің нысаналы мақсаты дүкен жэне қызмет көрсетуге арналған екен. Алайда, ғимараттың иесі бір жарым ай бұрын нысанды заңсыз хостелге айналдырған.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу