Петропавлдағы Ұлттық ұланның академиясында 46 курсант қызылша жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлдағы Ұлттық ұланның академиясында 46 курсант қызылша жұқтырған

29.11.2023

Петропавлдағы Ұлттық ұланның академиясында 46 курсант қызылша жұқтырған. Оның 22-сі ауруханада емделіп жатыр. Қазір оқу орнында шектеу шаралары енгізілді. Науқастармен ұжымдағы адамдардың барлығы қарым-қатынаста болған. Мамандардың айтуынша, қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі екпе алмаған. Инфекцияның таралуын тежеу мақсатында 650-ге тарта адамға вакцина салынды.

Азамат Тоқтарбаев, ҚР Ұлттық ұланы академиясының медициналық қызмет басшысы:

24 курсант аурудан айығып, бағдарлама бойынша білім алып жатыр. Әзірге маскалық режим енгізілді. Ғимаратты күн сайын залалсыздандырып, желдетіп отырамыз. Эпидемиялық жағдай тұрақталмаса, басқа шаралар қабылданады. 


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу