Павлодар облысында дәрігерлік амбулаторияда жылу жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында дәрігерлік амбулаторияда жылу жоқ

29.11.2023

Павлодар облысындағы Железинка ауданына қарасты Прииртышское ауылындағы дәрігерлік амбулатория жылусыз қалды. Бұл елдімекенде алдымен мектеп суып кетіп, оқушылар бір апта бойы сабақты онлайн оқуға көшірілген болатын. Ақаудың нақты неден екені анықталмаған соң жөндеу бригадасы мектепке ыстық суды жылдам айналдыру мақсатында сорғы орнатыпты. Осыдан кейін білім ошағы жылынған. Алайда орталық магистральге қосылған медициналық мекеме іші азынап кетті, дейді дәрігерлер. Желідегі ақауды жөндеу жұмыстары басталғалы он күн болды. Жергілікті әкімшілік бірер күнде мәселені шешеміз деп сендірді.

Закир Баратов, учаскелік дәрігер:

Дүйсенбіден бастап жаурап отырмыз. Мектепке сорғы қосылғаннан соң бүкіл жылу сонда кетіп жатыр. Біз қазір тоқ жылытқыштарды қосып отырмыз. Аяз түссе қатады бәрі. Сондықтан орталықтандырылған жылу құбырынан ажыратып, осындағы қолмен жағылатын жеке қазандықты қосуды ойлап отырмыз.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу