Шымкент қаласына қызылшаға қарсы екпе салу үшін 34 мың доза вакцина әкелінді. Қазір қаладағы медициналық мекемелер мен мектепке дейінгі тәрбие ошақтарында 187 егу бекеті жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күнге дейін шаһарда 3019 адамның қызылша жұқтырғаны расталды. Оның 85 пайызы жасөспірімдер мен бүлдіршіндер. Дәрігерлер тағы 1259 науқастан алынған сынамалардың нәтижелерін нақтылау бойынша жұмыс жүргізуде. Қызылшамен ауырғандар үшін жұқпалы аурулар емханасынан 260 төсек орын дайындалған. Олардың 80 пайызында қазір науқастар жатыр.
Ғани Қалмаханов