Үндістанда туннельден 41 жұмысшы шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда туннельден 41 жұмысшы шығарылды

29.11.2023

Үндістанда опырылған туннелде қалған 41 жұмысшының барлығы аман-есен құтқарылды. Олар тастармен бітеліп қалған қапаста 2,5 апта болған. Құтқару жұмыстары содан бері үздіксіз жүргізілді. Нәтижесінде жұмысшылар бір-бірлеп дөңгелекті зембілмен шығарылған. Барлығы жедел жәрдем көліктерімен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Олар қарашаның 12 күні туннель жұмыстарымен айналасып жатқанда тас пен топырақ көшіп, шыға алмай қалған еді. Күн сайын жұмысшаларға болат құбырлар арқылы оттегі мен ыстық тамақ берілді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу