Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар 4,2 пайызға азайды – ІІМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстар 4,2 пайызға азайды – ІІМ

28.11.2023

Осы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты биылғы 10 айда 82 мың арыз-шағым түскен. 60 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды. Есесіне осы бағыттағы қылмыстар саны 4,2 пайызға азайған. Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы акция өткізіп жатыр. 16 күндік шара аясында көпшілік орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, полицейлер тізімге іліккен 15 мың отбасындағы жағдай тексерген.

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

Осы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап біз әкімшілік іс қозғауды егер де бұрын арыздану сипатында болса, қазір анықтау сипатына көштік. Сондықтан осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғау 20 пайызға өскен. 


Хабарламаларға жазылу