Астанада ер адам суға құлап кеткен жасөспірімді құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ер адам суға құлап кеткен жасөспірімді құтқарып қалды

28.11.2023

Қазір елде, қызылшадан бөлек, өзенге түсу де қауіпті болып тұр. Себебі мұз жұқа. Мәселен Астанада Ақбұлақ өзенінде мұзда сырғанамақ болған жасөспірім мұз жарылып суға түсіп кеткен. Оны жолдан өтіп бара жатқан адам құтқарып қалды. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан ер адамның өзін арқанмен байлап, мұзға шығып, баланы құтқармақ болғанын көруге болады. Ер адам жағаға шыққан соң, жедел жәрдем шақырған.

Қазір 17 жастағы жасөспірім №2 қалалық балалар ауруханасында жатыр. Ұлттық арна тілшісі ерлік жасаған азаматпен тілдесті.


Хабарламаларға жазылу