Алматы әуежайының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталуы мүмкін

28.11.2023

Бес жылға созылған тергеуден кейін, аты шулы Алматы әуежайының бұрынғы директорына қатысты негізгі сот процесі басталды. Прокурор әуежайдың экс-Президенті Айбол Бекмұхамбетов пен жанар-жағармай материалдары бөлімінің бастығы Тимур Тұмышевті 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Олар украиналық әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құю кезінде 1 миллион 250 мың доллар сомасындағы әуеотынын ұрлады деген күдікке ілінген. Алайда айыпталушылар мұнымен келіспейтіндерін айтып, өздерін ақтауды сұрап отыр.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу