Шымкентте қызылшамен ауырғандардың 85 пайызы екпе алмағандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қызылшамен ауырғандардың 85 пайызы екпе алмағандар

28.11.2023

Шымкентте қызылшамен ауырғандар саны 6 465 адамға жетті. Оның 84,5 пайызы, яғни 5 446-ның жасы әлі 14 жасқа толмаған балалар. Санитариялық-эпиемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше қазір үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың екеуі ересек, үшіншісі 3 жаста. Олар қызылша ауруына шалдыққан, бірақ жанама аураларының асқынып кетуіне байланысты күшейтілген ем-шара қабылдауда. Сондай-ақ бүгінгі таңда жұқпалы аурулар емханасында 208 науқас жатыр. Әзірге төсек орындардың 20 пайызы бос. Қосымша тағы 60 төсек орын дайындалған. Дәрігерлер осы кезге дейін қызылша жұқтырғандардың 85 пайызы екпе алмағандар деп отыр.

Айгүл Тұрымбетова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Оның ішінде 48 пайызы тіптен вакциянаны алмаймын деп бас тартқандар. Олардың басым бөлігі ата-аналарының вакцинаға деген сенімсіздігі, сонымен қатар діни көзқараспен салдырмай жатқандары бар. Осы көрсеткіш аурушаңдыққа ең әсер етіп жатқан бөлігі болып тұр.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу