Шымкентте сақалды нысанға айналған 5 жобаның құрылысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз бақылауына алды. Оның ішінде бірнеше көше мен «Ақжар» подстанциясының құрылысы бар. Тәулігіне 5 мың автокөлік әрі-бері қатынайтын Адырбеков көшесіндегі жұмыстар бес жылдан бері аяқталатын емес. Алғашқыда мердігер мекеменің ісі шала болып, соттың төрелігін жүгінді. Ол аяқталғанда топографиялық түсірілім дұрыс жасалмағандықтан, жер астындағы коммуникациялық желілер жұмысқа қиындық туғызуда деп құрылысшылар істі мерзімінен кешіктіріп жіберді. Сөйтіп жүргенде жобаның бастапқы бағасы әдәуір өсіп кетті.
Ұлан Сырқұлов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:
Бұл мәселелер агентік пен аймақтық департаменттің ұдайы бақылауында болады. Бюджет қаржысын жымқыру немесе ақшаны мақсатсыз жұмсау жіті тексеріледі. Басты мақсат нысандардың барлығын белгіленген мерзімнен кешіктірмей пайдаға беру.
Ғани Қалмаханов