«Масс-медиа» туралы заңға түзетулер енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Масс-медиа» туралы заңға түзетулер енгізілмек

25.11.2023

Енді БАҚ өкілдерін аккредиттеу жеңілдеп, баспасөз картасы енгізілмеуі мүмкін. Сондай-ақ ұлттық газет-журналдарда қызмет ететін журналистердің жалақысы өсуі ықтимал. Бұл туралы Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатының көшпелі отырысында айтылды. Депутаттар «Масс-медиа» заңына бірқатар өзгертулер енгізген. Атап айтқанда, журналистердің ақпарат жинау процесін жеңілдету, сондай-ақ балаларға арналған газет-журналарда істейтін БАҚ өкілдерінің еңбекақысын өсіру сынды мәселелер негізге алынған. Депутаттар елімізде 3 млн-ға жуық оқырман болса, соның 10 пайызы ғана газет-журналдарға жазылатынын алға тартты. Сондықтан бұл салаға субсидия тарту керек, дейді. Осы және басқа да түзетулер Парламент Мәжілісінде талқыланып, Сенатқа жолданбақ.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың ашықтығы мен есептілігіне байланысты норма енгізілді. Сонымен қатар БАҚ таратылу ретіне байланысты да нормалар енгізілді. Жалпы ұзағы 170 түзету енгізіліп отыр. Біз қазір оқылымға дайындалып жатырмыз. Одан кейін екінші оқылым болады. Екінші оқылымда қабылданса, Сенатқа жолданады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу