Елімізде 1300 шақырымнан аса теміржол жаңадан салынады. Бұл Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы үш жылда жүзеге асып, пайдалануға беріледі. Қазір 4 ірі теміржол жобасы қолға алынды. «Достық-Мойынты» учаскесінде құрылыс жүріп жатыр. Ол жерде екінші теміржол желісін салу жұмыстары былтыр басталған болатын. Ал Алматы станциясын айналып өтетін теміржолдың құрылысы өткен аптада Үкімет басшысының қатысуымен басталды. Сонымен-қатар, «Дарбаза-Мақтаарал» және «Бақты-Аягөз» теміржолдары салынады.
Ислам Сұлтанов, ҚР Көлік министрлігінің бас сарапшысы:
Бұл жобаларды жүзеге асырғаннан кейін еліміздің транзиттік әлеуеті 35 млн-ға артады. Және осы жобалардан басқа 11 мың шақырым жөнделеді. Еліміздің жалпы теміржол желісі 16 мың километр. Бұл 70 пайызы.
Самал Қабышева