Ауыл балалары үшін аграрлық факультетке түсу жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл балалары үшін аграрлық факультетке түсу жеңілдейді

24.11.2023

Ауыл балаларының аграрлық факультеттерге грантқа түсу мүмкіндігі артады. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осылай деді.

Қазір бұл мамандықтарға ауыл балаларына 30 пайыздық квота қарастырылған. Алдағы жылдары оны 70 пайызға дейін өсіру жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы бойынша оқуға түсуге белгіленген шекті балл да төмендетілуі мүмкін. Осылайша жауапты орган саладағы кадр тапшылығын азайтпақ. Статистика бойынша Ауыл шаруашылығы саласында білім алған жастардың 46 пайызы ғана мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Әсіресе агроном, мал дәрігері сияқты орта буын қызметкерлері жоқтың қасы, - деді министр.


Хабарламаларға жазылу