Үкіметте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды

24.11.2023

Үкіметте «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Ұлттық жоба аясында өңірлерде 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын ашу жоспарланған. Оның ішінде медициналық пункттер, дәрігерлік амбулатория, инсульт орталықтары, кардиология, оңалту бөлімдері бар. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қарағанды, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және басқа да бірқатар облыстардың әкімдіктеріне аталған нысандардың құрылыс жұмысын жеделдетіп, жыл соңына дейін пайдалануға беруді тапсырды.

Хабарламаларға жазылу