Жаңадан бой көтерген Алатау қаласы халықаралық бизнес-хабқа айналады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңадан бой көтерген Алатау қаласы халықаралық бизнес-хабқа айналады

24.11.2023

Алматы облысындағы жаңадан салынатын Алатау қаласы еліміздегі үлгілі шаһарға айналады. Бұл туралы Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Орталық мемлекеттік органдардың және өңір әкімдігі басшыларының қатысуымен өткен жиында, Алатау қаласын жан-жақты дамыту мәселелері қаралды.

Жоспарға сәйкес аймақ жаһандық стандарттар бойынша жұмыс істейтін Халықаралық бизнес-хабқа айналуы тиіс. Атап айтқанда, қала Қытаймен және Орталық Азия елдерімен сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға мол мүмкіндік береді.


Хабарламаларға жазылу