Алматыда мектептің бас есепшісі 46 млн теңге ұрлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мектептің бас есепшісі 46 млн теңге ұрлаған

24.11.2023

Мемлекеттің қаражатына қол салатындардың саны азаймай тұр. Бұл жолы бюджет қаржысы Алматыдағы мектептердің бірінде ұрланғаны анықталып отыр. Қалалық прокуратураның мәліметінше, мектептің бас есепшісі бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына 46 миллион теңгені заңсыз аударып келген.Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындаған.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу