АҚШ-та жүрген қазақтың IT мамандары бірігіп осы елдің академиялық шаһары - Бостонда стартаптар қауымдастығын ашпақ. Осы арқылы қазақ жастарына IT саласындағы тың идеяларын жүзеге асыруға көмекпеспек.
Мемлекет басшысы отандық IT экспортын 500 миллион доллардан 1 миллиардқа жеткізуді тапсырған болатын. Бұл орайда АҚШ жерінде ашылатын қауымдастық қазақстандық мамандардың әлемдік деңгейде тәжірибе алмасуына және жобаларын таныстыруға мүмкіндік жасамақ. Себебі, отандық стартаптар өзіміздің ғана нарықпен шектелмей әлемдік деңгейге шығуға тиіс. Оның үстіне Бостонда Айти саласындағы бастамаларға қолдау көрсететін арнайы орталық бар.
Тимур Бектұр, IT маманы:
Яғни, біздер секілді немесе кез келген айти стартап ашқысы келген адамға өте қолайлы жер. Ол жерде инвесторлар болады, старт ап қауымдастықтар болады. Басқа да сартаптармен қарым-қатынас жасауға барлық жағдай жасалған. Осындай мүмкіндікті біздің қазақ жастары да, осында оқып жатқан, жұмыс істеп жатқан айти саласына қатысы бар қазақ жастары да пайдаланып сол арқылы өз идеяларын осында дамытуға септіген тигізсек пе деген ой бар.
Жалғас Сәдібекұлы