Бүгін Астана уақытымен сағат 11:00-де Израиль мен Хамас арасындағы атысты төрт күнге тоқтату туралы келісім күшіне енді. Бұл бітімге сәйкес, хамастықтар кепілдіктегі 13 әйел мен баланы босатуы керек. Соған жауап ретінде Израиль өз түрмелеріндегі палестиналықтардың кейбірін үйлеріне жіберуге міндетті. Олардың нақты саны әзірге белгісіз. Екіжақты мәмілеге сәйкес, Газа секторына енгізілетін гуманитарлық көмектің көлемі де осы төрт күнде артуы қажет.
Арыстан Рысбек