2 млрд-тан астам теңгеге көрсетілген медициналық қызметтерде бұрмалаушылықтар анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 млрд-тан астам теңгеге көрсетілген медициналық қызметтерде бұрмалаушылықтар анықталған

24.11.2023

2 млрд-тан астам теңгеге көрсетілген медициналық қызметтер негізсіз асыра бағаланған немесе емдеу-диагностикалық іс-шараларда ауытқушылықтар анықталған. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалының басшысы мәлім етті. Мониторинг тегін медициналық көмек көрсету көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүзеге асырылған медициналық қызметтерге жасалған. Биыл 10 айда атқарылған қызметтерге тексеріс өткізген қор өкілдерінің айтуынша, 2 млрд теңгеге бағаланып отырған бұрмалаушылықтардың 1,3 миллиарды МӘМС жүйесі аясында атқарылған қызметтер арасынан анықталған. Ал тегін медициналық көмек көрсету көлемі шеңберінде 800 миллион теңге сомаға бұрмалаушылықтар тіркелген.


Сандуғаш Болысбекова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» астаналық филиал директорының орынбасары:

Көрсетілмеген яғни медициналық қызметтер анықталды жыл басынан бастап. Оның көбісі, яғни 99 пайызы клиника-диагностикалық медициналық қызметтер. Яғни, олар жаңағы емханаларда көрсетілетін қызметтер және реабилитационный реабилитациялық орталықтарда көрсетілетін қызметтер.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу