Зейнетақы қорынан алынатын 1,5 трлн теңге, инфроқұрылымға инвестиция ретінде тартылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов оның қайтарылатынына кепілдік берді. Ол зейнетақы қорының міндеті – салымшылардың активтерін сақтап қана қоймай, көбейту. Оны тек кіріс әкелетін бағыттарға салу арқылы ғана ұлғайтуға болады деді. Сондықтан зейнетақыдан алынатын қаражатты ндустрияландыру, көлік, инфроқұрылым салаларына тарту жолдары қарастырылып жатқанын жеткізді. Оның механизмдерін Ұлттық банкпен бірге пысықтап жатырмыз деді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Үкімет кез келген жағдайда қарыз алса оның қайтарылуына кепілдік береді. Бұл қаражат бірінші кезекте Республикалық бюджет немесе квазимемлекеттік сектор есебінен өтеледі. Және ол мемлекеттік қарыз ретінде тіркеліп, бюджетте де белгіленеді. Сондықтан қаржы басқа салаға кетіп қалды деп алаңдаудың қажеті жоқ. Керісінше ол айналымға түсіп, көбейеді.