Қызылшаның алғашқы белгілері қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылшаның алғашқы белгілері қандай?

23.11.2023

Қызылшаның спецификалық емі жоқ. Яғни бұл індеттің нақты дауасы табылмаған. Сондықтан оның алдын алған абзал. Ал, қызылша жұқтырмаудың жалғыз әрі тиімді жолы ол – екпе алу. Дегенмен, қызылшаны жұқтырып алсаңыз оны қалай білуге болады? Аурудың алғашқы белгілері қандай? Бұл сауалдарды дәрігерге қойдық. 

Минура Иманбаева, №4 қалалық емхананың бөлімше меңгерушісі:

Қызылшаның алғашқы белгілері ол дене температурасының 38, 39 градусқа дейін көтерілуі. Жөтелі, көздің қызаруы, мұрыннан су ағу. Конъюктивит сияқты симптомдар жүреді. Денесінде бөртпелер пайда болады. Жайлап, құлақтың астынан бастап бетке, мойынға төмен қарай түсе береді. Денесіне одан кейін аяқ-қолына қып-қызыл болып өзіне тән бөртпелері пайда болады.


Хабарламаларға жазылу