Павлодар облысы, Шарбақты ауданы дихандары өнімді тікелей экспорттауға мүмкіндік алды. Жергілікті кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама бойынша өсімі аз несиелік қаржы және лизингтік жабдықтар алып, бидай мен майлы дақылдарды кептіру, өндеу, сақтау және теміржол арқылы жөнелтуге арналған терминал салды. Естеріңізге салай кетейік, Мемлекет басшысы бидай экспортының географиясын кеңейтуге пәрмен берген болатын. Сондықтан бұрын қалыптасып қалған Тәжікстан, Өзбекстан, Түркменстан, Ауғанстан, Иран елдеріндегі нарық көздерін сақтаумен қатар өзге де аймақтарға жол ашылып жатыр. Мәселен, биыл бидай Қытайға жөнелтілді. Сондықтан еліміздің ірі қалаларында ғана емес, егіс алқаптарына жақын елді мекендерде логистикалық бағыттар ашылуға басымдық беріледі.
Никита Юргин, Астық өнімдерін экспорттауға арналған терминал директоры:
Біздің Қазақстандық фермерлер өнімді тікелей шетелдегі сатыпалушыға жөнелтеді. Бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттырады. Тасымал шығынынан құтылды ауыл диханы. Мемлекет басшысы біздерге алынатын өнім көлемін ұлғайту керек деп тапсырма берді. Және сол өнімді тиімді бағамен сатуға жағдай жасап беріп отыр ғой. Бұл біздер үшін жаңа мүмкіндік. Ең бастысы Қазақстан астығына сұраныс күшті.
Болат Аманбаев