Батыс Қазақстан облысында кешегі боран салдарымен күрес жүріп жатыр. Мыңнан аса тұтынушы жарықсыз қалған. Үзілген электр желісін қалпына келтіру үшін оннан аса бригада жұмыс істеп жатыр. Боран басылды, жолдар ашылды. Қазір күн ашық. Кеше шаһарда қар жауған. Көше жолын тазалауға 200-ден астам техника мен 360 жұмысшы жұмыла кіріскен. Тәулік ішінде шаһардан 480 текше метр қар шығарылды.
Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары:
Қазіргі таңда 1 мыңға жуық абонент қаламыздың Деркөл, Круглоозерный, Бортау, Курени, Зачаган кенттерінің ішкі аудандарында тұрғындар жарықсыз қалды. Ол бағытта жұмыстар атқарылуда. Болжамға сәйкес кешке дейін барлығы қалпына келеді.
Ардақ Мұратқызы