Алматыда «Ұлы Жібек Жолымен–2023» ХI Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан аумағы бойынша кітаптардың таралуына, қолжетімді болуына үлес қосу. Сондай-ақ отандық кітап ісі саласын нығайту және шетелдің баспагерлерімен мәдени және іскерлік байланыс орнату дейді ұйымдастырушылар. Көрмеге Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдерінің жетекші баспалары, полиграфиялық компаниялары мен кітапханаларының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, жиында 2021-2023 жылдар аралығында шыққан кітаптардың арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Қуан Нұрақын