Семейде көмір бағасына мониторинг жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде көмір бағасына мониторинг жүргізді

23.11.2023

Семейдегі көмір сапасы, бағасына сай емес. Бағаға мониторинг жасаған Қазақстан халық партиясының өкілдері осындай қорытындыға келді. Облыс аумағында 9 көмір қоймасы бар. Оның бесеуі Семейде орналасқан. Көмірдің тоннасы 14 пен 16 мың теңге аралығында сатылып жатыр. Өңірдегі қоймаларға 17 мың тоннаға жуық көмір жеткізілген.

Ерлан Кеңесбаев, Қазақстан Халық партиясы Абай облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

Бір ай бұрын жазылу керек. Бір ай бұрын жазылғаннан кейін осында жазылған адам уақыты келгеннен кейін келіп, қанша керек көмірін алады. Бізге шағымданған азаматар көп еді. Енді басшыларын шыға алмаймыз. Таба алмаймыз. Басшыларымен келісіп, кездесіп, осы жұмыс жайында үлкен сұрақтарымыз бар еді.

Ержан Жақып


семей

Хабарламаларға жазылу