Жетісу облысында мас күйінде көлік жүргізген 9 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында мас күйінде көлік жүргізген 9 адам ұсталды

23.11.2023

Жетісу облысында полиция, қоғамдық ұйым өкілдері және «Аманат» партиясының өкілдері, Республикалық «Құқықтық тәрті» жедел алдын алу шарасы аясында рейд өткізді. Мас күйінде көлік басқарған 9 адам ұсталды. Тұрмысы төмен отбасыларды аралап, зорлық-зомбылықты болдырмау, балалар құқығын қорғау төңірегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы топ ойын-сауық орындарын, компьютерлік клубтарды да тексерді. 

Мәлік Бейсенов, «Аманат» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы:

Компьютерлік клуб дейміз, басқа да клубтар бар ғой ашылған. Соның бәрі жас балаларға, біздің болашағымызға біраз зиянын тигізеді ол. Өйткені балалар сол жерден шықпайды. Кейбір жерде түнімен отыратын орындар бар.

Қуаныш Қанатұлы

жетісу

Хабарламаларға жазылу